Биылғы алғашқы алты айда елімізде мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің жалпы көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға азайған. Яғни, өнім көлемі 10,2 млн. тоннаға жетті. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады.
Өндірістің 86,1 пайызы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейтін өңірлерден шығады. Тізім басындағы Атырау облысы былтырғымен салыстырғанда 2 пайызға аз, яғни 3,6 млн. тонна өнім шығарған. Павлодар облысы: 2,7 млн. тонна (өткен жылмен салыстырғанда, 13,8 пайыз аз), Шымкент: 2,5 млн. тонна (өткен жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға аз).
Мұнай отыны, дистилляттар мен газойл өндірісі қаңтар–тамыз аралығында 8,1 млн. тонна болып, өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға қысқарған. Соның ішінде керосин шығару, мазут пен дизельдік отын өндірісі айтарлықтай төмендеген. Бұл ретте бензин өндірісі 3,3 пайызға көбейіп, 2,9 млн. тоннаны көрсетті.
2020 жылдың тамызында бензин өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға қымбаттаған.