Мәскеуде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Қала әкімінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Ракованың сөзінше, вакцинация екі кезеңді қамтымақ.
Алдымен екпенің бірінші компоненті, ал 21 күннен соң екінші компоненті салынады. Олар иммундық жүйенің жұмысын нығайтатын белсенді заттармен байытылған. Вакциналау тегін жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, екпе салдыруға ниетті еріктілердің қатары күн сайын көбейіп келеді. Бүгіннің өзінде 35 мыңнан астам тұрғыннан өтініш түскен. Екпе 18 жастан асқан, міндетті медициналық сақтандыру полисі бар, коронавирус инфекциясын жұқтырмаған және коронавируспен ауырған науқастармен кемінде екі апта байланыста болмаған адамдарға ғана салынады.
Қазір зерттеуге қатысуға өтініш еріктілердің алғашқы легі медициналық тексеруден өте бастады. Вакцина салынатын адамдар тексеру қорытындылары мен талдама нәтижелеріне сәйкес іріктеледі.