Өзінің айтуы бойынша, ақтаулық тұрғын Оксананың 1-ықшамауданда тұрып келе жатқанына 13 жылдай болған. Яғни, пәтерді 2006 жылы сатып алса да, онда 2007 жылы ғана көшіп барған. Бұл туралы inaktau.kz сайты хабарлады.
– 2007 жылдың 23 ақпан күні осындай жағдайды анықтадық. Бұл – жаңа қонысқа енді-енді орналасып жатқан кез. Ол уақытта үй кітапшасы болды. Бірақ онда өзімізден басқа ешкім жазылмаған еді.
Дегенмен «жасырын» тіркелгендердің қатарында осы пәтердің бұрынғы егесі де бар. Оксананың айтуынша, ол адам сол кездің өзінде-ақ кәрілікке жеткен әйел болыпты. Жер қойнына тапсырылғанына да біраз жыл өткен. Ал қалған адамдардың қайдан пайда болғаны белгісіз. Пәтер иесі бар пәленің ХҚО жақтан келгеніне сенеді.
Ал тізімнің басында тұрған Виктория деген адамды осы күнге дейін іздеп келгендер көп болған. Әдетте үкіметтен берілетін жәрдемақыға қол жеткізуді қалағандар өздеріне «күле қараған» пәтерге тіркелуден ешқашан бас тартпайды. Оксана осыдан күдіктенеді.
Әзірге жазылған мәселе бойынша ХҚО-дан ресми ақпарат шыға қоймады. Бұл жағдай Ақтау қаласында бұған дейін де бірнеше рет қайталанып, соңы сиырқұйымшақтанып кеткен еді.