Құрманғазы ауылының тұрғыны өз үйінен мұражай ашты. Қырық жылға жуық уақыттан бері коллекция жинайтын Ғалымжан Мұқашевтың шаңырағында тарихи жәдігердің алуан түрі бар. Мұнда белгілі бір бағыт жоқ. Экспонаттар құдды бір уақыт машинасы секілді, келушілерге түрлі кезеңнен сыр шертеді.
Тас диірмені тетікті телефонның жанына қойылған. Ал қазіргі электрогитаралар өткен ғасырдан жеткен шойын үтіктер мен күбінің қасында үйлесім тауып тұр. Коллекционер үшін мұндағы ең алғашқы әрі құнды экспонат – анасының ұршығы. Музейді ашуына да осы түрткі болған болған екен.
Көрмені көркейтуге ауылдастары көмектескен. Кей дүние сыйға тартылды, тағы бірін сатып алуға тура келіпті. 100-ге жуық жәдігердің ішінде әйгілі Касимовский механика зауытында құйылған үтік те бар.