ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайты 2020 жылғы тамыз айындағы Маңғыстау облысының ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін жариялады.
Орташа есеп бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 42 667 теңгеге жеткен.
Нақтырақ айтсақ, 13 жасқа дейінгі балалар үшін 38 288 теңге керек болса, 14–17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардың қажеттілігіне тиісінше 53 003 және 40 610 теңге жеткілікті болған. Ал 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер бір айда 49 969 және 39 631 теңге жұмсаған көрінеді. Сондай-ақ, статистикада зейнеткерлер мен қарт адамдарға 39 346 теңге керектігі жазылған.
13 жасқа толмаған балалардың азық-түлігіне 21 058 теңге қажет болса, басқа тауарлар мен ақылы қызметтерге 17 230 теңге шығын шыққан.
14–17 жастағылар: ұлдар үшін 29 152 (азық-түлік) теңге, 23 851 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет), қыздар үшін 22 235 (азық-түлік), 18 275 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет) теңге;
18 жастан жоғары еңбекке қабілетті адамдар: ерлер үшін 27 483 (азық-түлік), 22 486 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет), әйелдер үшін 27 797 (азық-түлік), 17 834 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет);
Зейнеткерлер мен қарт адамдар: 21 640 (азық-түлік), 17 706 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет) теңге;
Жалпы, тамыз айында күнкөріс деңгейінің мөлшері орташа жан басына шаққанда 7,3 пайызға көтерілген.