Бүгін кешкі сағат 20:00-де Атыраудағы Амандосов және Берғалиев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы қайта басталды.
Тұрғындар ашылған жолдың кеңейтілгеніне және бағдаршам орнатылғанына дән риза. Қазіргі уақытта Амандосов көшесінің қиылыстан бастап Баймұханов көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Сол себепті, Геолог жақтан келе жатқан көліктердің теміржол көпірінен асқан соң оң немесе сол бағыттарға ғана жүруіне тура келеді.
Жергілікті биліктің сөзінше, жол құрылысы 27-тамыз күні толығымен аяқталмақ.