Caspianlife, 6 сәуір. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала деректер бойынша «1974 жылы туған жүргізуші Toyota Hiace маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолдан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен». Баланың оқиға орнында қайтыс болғаны хабарланды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты азайтып, барынша сақ болуға шақырады. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігіне қатаң бақылау жасау қажеттігі ескертілді.

