CaspianLife, 31 наурыз. Бұл оқиға бүгін, шамамен сағат 14:00-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное ауылында болған — маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолы бойымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысқан. Соққы салдарынан мектеп автобусы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.
«ЖКО салдарынан зардап шеккендер бар, олардың ішінде балалар да бар. Бақытымызға орай, қаза тапқандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді полиция.

