Caspianlife, 26 наурыз. Атап айтқанда, «ҚЖСА» МКК қызметін тексеру кезінде тарифтік сметаны орындамаған факті – 30 млн теңге көлемінде анықталды.
Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, заң талаптарына сәйкес, бекітілген тарифтік сметаның шығыс баптарының орындалмауы уақытша өтемдік тариф енгізуге негіз болып табылады.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде су бұру қызметінің тарифі 3%-ға төмендетілді, ал сумен жабдықтаушы кәсіпорынға 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осылайша, 105 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 1,5 мың бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.

