CaspianLife, 25 наурыз. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, 25 наурызға күтілетін қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар туралы хабарлады.
25 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
25 наурызға қараған түні Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Бүгін Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Өңірдің батысында тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, солтүстік-шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
25 наурызда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

