Caspianlife, 18 наурыз. 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелді. Жалпы некелесу коэффициенті 5,69-ды құрады (1000 адамға шаққанда).
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, некеге тұру жиілігі ең жоғары өңірлер:
— Астана қаласы – 1000 адамға шаққанда 6,75,
— Қарағанды облысы (6,32),
— Шығыс Қазақстан облысы (6,27).
Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 1000 адамға 5,06.
Қалалық жерлерде 78,9 мың неке (68,1%), ауылдық жерлерде 37 мың неке (31,9%) тіркелген.
Алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,3 жас болды.
Отбасын алғаш құрғандардың ішінде ерлердің 77%-ы, әйелдердің 78%-ы бірінші рет некеге тұрған. Ал ажырасқаннан кейін қайта некеге тұрғандар үлесі ерлерде 22%, әйелдерде 21%-ды құрады.
2025 жылы некелердің ең көп тіркелген уақыты жаз айлары болды: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418 неке.
Барлық некенің 80,4%-ы – бір этносты, ал 19,6%-ы – этносаралық некелер.
Ажырасуларға келсек, 2025 жылы олардың саны 45,7 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 34 мың ажырасу (74,4%), ауылдық жерлерде 11,7 мың (25,6%) тіркелген.
Жалпы ажырасу коэффициенті 2,24 (1000 адамға шаққанда). Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында – 3,43, сондай-ақ Қарағанды (3,41) және Солтүстік Қазақстан (3,28) облыстарында тіркелген. Ең төмен деңгей Түркістан облысында – 1,03.
«Некенің ұзақтығына қарай ажырасулардың ең көп үлесі (35%) 1–4 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі. 24% – 5–9 жыл бірге тұрғандар, ал 8% неке тіркелгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқан», – делінген хабарламада.

