CaspianLife, 16 наурыз. Қазгидромет РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, бүгін қалада жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты ауа райы және шаңды дауыл байқалуда.
Бұл туралы Атырау облыстық Экология департаменті хабарлады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9–14 м/с, кей тұста екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +12°C, салыстырмалы ылғалдылық — 38%.
Сонымен қатар, атмосфералық ауаны бақылау станцияларының деректеріне сәйкес, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерінен асу фактілері тіркелмегені атап өтілді.
Экологтар тұрғындарға шаңды дауыл кезінде мүмкіндігінше сыртқа шықпауға, аса қажет болмаса үйде болуға кеңес береді.

