Caspianlife, 15 наурыз. Қала тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін референдум учаскелеріне келіп жатыр.
Дауыс бергендердің қатарында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар» клубының мүшесі, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті Ақтілек Есенгелді де бар.
Оның айтуынша, референдумға қатысу — әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосуына берілген маңызды мүмкіндік.
«Бүгін мен өз дауысымды беру үшін учаскеге келдім. Осындай маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысу — әр азаматтың азаматтық парызы деп санаймын», — деді Ақтілек Есенгелді.
Еске сала кетейік, дауыс беру өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде өтіп жатыр.

