CaspianLife, 15 наурыз. Бүгін С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова №32 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды сәтте ректор Конституциялық реформаларға қатысты өз ойын білдірді:
«Әрбір азаматтың дауысы — Жаңа Қазақстанның іргетасын қалауға қосылған үлес», – деді Гүлзада Тәнірбергенқызы.
Университет ұжымы мен студенттері де саяси науқанға белсенді қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруде.

