CaspianLife, 15 наурыз. Атырауда таңғы сағат 07:00-ден бастап қоғамдық көліктер тегін қызмет атқаруда. Яғни, тұрғындар мен қала қонақтары автобус қызметін бір күн бойы ақысыз пайдалана алады. Бұл бастама тұрғындардың референдум учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне және қала ішінде еркін қозғалуына мүмкіндік беру мақсатында жасалған.
Өңірдегі қоғамдық көліктің барлық бағыттары жолаушыларды тегін тасымалдап, тұрғындар арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыруда. Жолаушылар болса, саяси науқан бойынша ойларымен бөлісіп, пікір алмасуда. Сөздерінше, тарихи күні автобуспен жүрудің тегін болғаны халыққа тиімді.

