CaspianLife, 15 наурыз. Бүгін, 15 наурыз күні республикалық референдум өткізілуіне байланысты Маңғыстау облысының бірқатар сайлау учаскелерінде арнайы фотозоналар ұйымдастырылды. Олар тақырыптық баннерлер мен пресс-стендер арқылы бірыңғай визуалды стильде безендірілген.
Фотозоналар референдум күні мерекелік атмосфера қалыптастыру және біртұтас ақпараттық-визуалды кеңістік құру мақсатында жасалған. Барлық алаңдар ортақ стилистика, визуалды элементтер мен науқанның символикасын пайдалана отырып, сондай-ақ #Референдум2026 хэштегімен безендірілген. Бұл шараның жалпыұлттық ауқымын айқындай түседі.
Дауыс бергеннен кейін өңір тұрғындары баннерлер мен пресс-стендердің алдында суретке түсіп, ел үшін маңызды күнге қатысқан сәттерін естелік ретінде сақтап қалуда. Фотозоналар сайлау учаскелерінің безендірілуіндегі ерекше элементке айналып, референдум күні айрықша атмосфера қалыптастыруда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірыңғай визуалды форматтағы безендіру оқиғаның маңыздылығын айқындап, осы күннің естелік сәттерін сақтауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мұндай бастамалар сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, референдум күніндегі қоғамдық белсенділіктің бір бөлігіне айналуда.

