CaspianLife, 12 наурыз. Кеше кешке әлеуметтік желілерде Теңізшевройл компаниясының Теңіз кен орны аумағындағы Үшінші буын зауытының (№65 учаске) территориясында 3GP42 сілтіні тазарту қондырғысында өрт шыққаны туралы ақпарат тарады.
Хабарламада оқиғаның нақты уақыты – 20:44, ал өрттің оқшауланған уақыты 21:13 екені көрсетілген.
Бейресми ақпаратта оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екені, Үшінші буын зауытының жұмысы уақытша тоқтатылғаны айтылған. Ал Кешенді технологиялық желілер мен Екінші буын зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланған.

