CaspianLife, 10 наурыз. Бұл мұнай құбыры Қазақстанның батысындағы Ақтөбе және Атырау облыстары арқылы өтіп, мұнайды «аверс» және «реверс» режимдерінде тасымалдайды.
«ҚазТрансОйл» ұлттық операторының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы «Кеңқияқ–Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалданған мұнай көлемі 100 млн тоннаға жеткен.
Хабарламада аталған құбыр «Өзен–Атырау–Самара» мұнай құбыры және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бағытына мұнай жеткізуді қамтамасыз ететіні айтылған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан мұнайы Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПКОП) ЖШС-не, сондай-ақ экспорттық бағыттарға тасымалданады.

