CaspianLife, 5 наурыз. Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Иранның қарулы күштері Әзербайжан Республикасының Нахчыван Автономиялық Республикасы аумағындағы әуежай мен басқа да азаматтық инфрақұрылым нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл жасаған.
Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарының техникалық сипаттамалары мен аталған шабуылдардың барлық мән-жайы қазіргі уақытта зерттеліп жатыр. Сондай-ақ министрлік Иран Ислам Республикасының қарулы күштері тарапынан ешқандай әскери қажеттілік болмағанына қарамастан ел аумағындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды қатаң айыптайтынын атап өтті.
«Орын алған оқиғаға толық жауапкершілік Иран Ислам Республикасына жүктеледі. Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, сондай-ақ азаматтық тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жауап шараларын әзірлеуде. Мұндай шабуылдар жауапсыз қалмайды», — делінген мәлімдемеде.