CaspianLife, 3 наурыз. Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсат алған жағдайда, Қазақстанның батыс өңірінен Мединаға екі репатриациялық рейс және Жиддаға екі репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы кеше кешке Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызды қоса алғанға дейін уақытша тоқтатады. Билеттерді сату 13 наурызды қоса алғанға дейін жабылды.
Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият бақылап, алдағы өзгерістер туралы жолаушыларды жедел түрде хабардар ететінін мәлімдеді.

