CaspianLife, 22 ақпан. Ақтау қалалық коалиция мүшесі Шамсадин Гусейновпен «Достлуг» әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Кездесу барысында этносаралық татулықты нығайту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және бірлестіктің алдағы жоспарлары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жаңа Конститутцияның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының берік негізі екені айтылды.Сондай-ақ этномәдени бірлестік өкілдері Референдумда дауыс беретінін айтты.
«Достлуг» бірлестігі өңірдегі достық пен бірлікті сақтауға, әзірбайжан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға зор үлес қосып келеді. Осындай ұйымдардың белсенділігі – қоғамымыздың байлығы.
Әзірбайжан ұлтының өкілі, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Ильгам Мамедовтің айтуынша, біздің еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен ауызбіршілік-қымбат құндылықтарымыздың қатарында тұрады.

