CaspianLife, 21 ақпан. Референдум қарсаңында Ақтау қаласында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Қаладағы ірі сауда орталықтарында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, алдағы маңызды қоғамдық-саяси науқанның мәні мен маңызы кеңінен насихатталуда.
Сауда нысандарына келушілер референдумның маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет алып, өз таңдауының ел дамуына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алуда.
Аталған ақпараттық жұмыстар қала кәсіпкерлерінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жауапкершілікті жоғары бағалайтын бизнес өкілдері қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді түрде атсалысып келеді.
Ақтаулық тұрғындар сауда орталықтарында маңызды науқан туралы бейнероликтерді орналастыруға қолдау білдірген кәсіпкерге алғыс айтып, бұл қадамды елдік мүддеге қосылған үлес ретінде бағалады

