CaspianLife, 21 ақпан. Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бірпалаталы Парламент: қолдаймын/қарсымын» тақырыбы аясында жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Жақтайтын команда жеңіске жетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған зияткерлік додаға жалпы саны 16 команда қатысып, қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелді пікірлермен қорғап, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салды.
Жарыс нәтижесі бойынша І орын – №6 мектептің «Z» командасына, ІІ орын – №4 мектепке, ІІІ орын – №9 мектептің «1000 жылдық ойын» командасы мен №16 мектептің «16» командасына бұйырды
Арнайы номинация «Үздік спикер» – Асылбек Құдайбергеновке, «Үздік төреші» – Махаббат Төребаева пен Асылбек Тоқмұрзаевқа берілді.

