Caspianlife, 20 ақпан. Бүгін, 20 ақпан күні ҚР жаңа Конституциясын түсіндіру мақсатында коалиция мүшелері «КИС Ақтау Индустриалды құрылыс комбинаты» мекемесінде түсіндіру жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жиынға коалиция мүшелері – Гүлмира Абишова, Шынар Құрмет, Елмұрай Меккеев, Қаламқас Тлеубаева, Гүлназ Жеменей, Абзал Марат және Өмірбек Құрманбаев қатысты. Олар жұмысшыларға Конституцияның негізгі баптарын түсіндіріп, әрбір мәселені нақты мысалдармен түсіндіруге тырысты.
Жиын барысында коалиция мүшелері жаңа Конституцияның негізгі баптарын жүйелі түрде түсіндіріп, әрбір өзгеріс пен жаңалықтың қоғамға, жұмысшылардың құқықтары мен міндеттеріне әсерін нақты мысалдармен көрсетті.
«КИС Ақтау Индустриалды құрылыс комбинаты» мекемесінің қаржы саласы маманы Санақбай Аманжолов жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
-15 наурызда өтетін референдумға және жаңа Конституцияға байланысты бірқатар маңызды сұрақтарды жауапты қызметкерлерге жолдап отырмыз. Біз бұл бастамалардың барлығын қолдаймыз. Қазіргі таңда жаңа Конституцияның мазмұнымен танысып, әртүрлі пікірлер мен талқылауларды оқып жатырмыз, — деді Санақбай Аманжолов.
Жұмысшылар өз тарапынан Конституцияны қолдайтындарын, заңдағы өзгерістерді түсінгендерін және референдумға қатысатынын білдірді. Көптеген қатысушылар бұл іс-шараның ақпараттық мәні өте жоғары екенін атап өтіп, жаңа Конституцияның әрбір бабымен танысу мүмкіндігі үшін алғыстарын жеткізді.
Жиын қорытындысында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

