CaspianLife, 19 ақпан. Маңғыстау облысында «Мұнайтелеком» ЖШС мекемесінің қызметкерлерімен жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру және алдағы референдумның маңызын талқылау мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жиынға өңірлік коалиция мүшелері Мақсат Рзаханов, Аманжол Акимов, Аят Сүгірбай, Нұри Тумышев, Шынар Құрмет, Қаламқас Тлеубаева, Қалмұхан Қайырғали, Бердіқожа Оңдасынов қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
— Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін түзетулердің қоғамдағы әділеттілік қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ, референдум арқылы қабылданатын шешімдердің елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететіні айтылды, — деді өңірлік коалиция мүшесі Нури Тумышев.

