CaspianLife, 18 ақпан. 7 ақпан күні «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мекемесінде Жаңа Конституция нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шараға «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мекемесі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сағадат Сүйеуберденов, «Республика» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Хайруллаев, кәсіпкер Гүлназ Қожарбаева, «Жас Star’s»белсенді жастар ұйымының төрағасы Нұрқадір Өскінбаев қатысты.
Жиын барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер, жаңа заң нормалары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сондай-ақ әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған реформалардың мән-маңызы талқыланды.
Кездесу ашық форматта өтіп, ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының маңызы сөз болып, мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.
-Жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мекемесіне келдік. Адам өзгеріп жатыр, қоғам өзгеріп жатыр, заң да өзгеру керек деп есептеймін, — деді Нұржігіт Хайруллаев.

