CaspianLife, 17 ақпан. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, бүгін Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында мерзімді әскери қызметші қаза тапқан.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәліметінше, Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет атқарған мерзімді әскери қызметшінің өлімі фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды», — делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

