CaspianLife, 11 ақпан. 11 ақпан таңындағы мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы шамамен 400 жолаушыны пойыздар арқылы тасымалдады.
Ақтөбе — Астрахань бағытындағы автожолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілгеннен кейін ҚТЖ жедел түрде қосымша тегін орындар ұйымдастырған. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім боран салдарынан автокөлікпен жолға шыға алмаған азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
10 ақпан күні әртүрлі бағыттар бойынша қосымша жолаушылар келесі пойыздармен жеткізілді:
№613 «Маңғыстау — Орал»
– Қандыағаш — Ақтөбе: 18 жолаушы;
– Алға — Ақтөбе: 106 жолаушы.
№692 «Ақтөбе — Атырау»
– Ақтөбе — Қандыағаш: 29 жолаушы;
– Ақтөбе — Алға: 45 жолаушы;
– Ақтөбе — Тамды: 9 жолаушы;
– Ақтөбе — Бестамақ: 9 жолаушы;
– Алға — Тамды: 2 жолаушы.
№110 «Ақтөбе — Маңғыстау»
– Қандыағаш — Ақтөбе: 7 жолаушы;
– Ақтөбе — Алға: 80 жолаушы.
№691 «Атырау — Ақтөбе»
– Қарауылкелді — Ақтөбе: 7 жолаушы;
– Шұбарқұдық — Ақтөбе: 3 жолаушы;
– Қандыағаш — Ақтөбе: 23 жолаушы;
– Ақкемер — Ақтөбе: 1 жолаушы;
– Тамды — Ақтөбе: 7 жолаушы;
– Алға — Ақтөбе: 32 жолаушы;
– Бестамақ — Ақтөбе: 4 жолаушы.
ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, мұндай тәжірибе жыл сайын қыс мезгілінде қолданылады. Биылғы қыс басталғалы бері еліміздің әр өңірінде — Шідерті, Ерейментау, Павлодар, Көкшетау, Бурабай курорты, Қарағанды, Макинка, Ақкөл, Аршалы, Сағыз, Қарауылкелді және басқа бағыттар бойынша — теміржол көлігімен 1 мыңнан астам адам тасымалданған.
Мамандардың айтуынша, күрделі метеорологиялық кезінде пойыз қатынасы ең сенімді әрі қауіпсіз көлік түрлерінің бірі болып қала береді. ҚТЖ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырып, азаматтарды сапарды жоспарлау барысында ауа райы болжамын ескеруге шақырды.

