CaspianLife, 3 ақпан. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (СПҚ) биылғы қаңтар айындағы атқарылған жұмыс қорытындыларын жариялады.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 126 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 110-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану қылмыстарына жатады. 89 адамның заңсыз әрекеті тоқтатылды. Барлығы 129 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 121-і сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 18 млрд теңгені құрады, оның ішінде 100 млн теңгеден астамы бюджетке өтелді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

