CaspianLife, 2 ақпан. Соңғы уақытта интернет желісі мен әлеуметтік желілерде жүргізушілерді даярлауға арналған жедел онлайн-курстарға қатысу туралы ұсыныстар тарап жатыр, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты (Polisia.kz).
«Осыған байланысты хабарлаймыз: жүргізушілерді даярлау тек лицензияланған авто мектептерде жүзеге асырылуы тиіс, соның ішінде практикалық сабақтарды толық оқу курсын өту міндетті. Көлік құралын басқару дағдыларын онлайн форматта алу және бекіту мүмкін емес. Сонымен қатар, авто мектепте білім алғанын растайтын куәлік қағаз түрінде азаматтарға қажет еместігін назарға аламыз», — делінген ҚР ІІМ мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, курсты аяқтау туралы ақпарат арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта автоматты түрде түсетіндігі атап өтілген. Полиция болашақ жүргізушілерді оқыту процесіне жауапкершілікпен қарауға шақырады, өйткені алынған білім мен дағдылардың сапасына байланысты тек жүргізушілердің ғана емес, жолдағы басқа қатысушылардың да қауіпсіздігі тікелей байланысты.

