CaspianLife, 22 қаңтар. «Жұмысшы маман – мұнай-газ саласының тірегі» атты Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерінің арасында өткен байқау қорытындысы бойынша Caspian News телеарнасы «Үздік БАҚ» номинациясын жеңіп алды.
Сaspian News телеарнасының атқарушы директоры Жанар Низамутдинова «Қазақ тіліндегі онлайн жарияланым» номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды.
Ал «Тақырыптық хабарлар» бөлімінің редакторы Орынгүл Бектілеуова «Үздік журналист», ал арнаның аға операторы Айбек Өтемісов «Үздік телеоператор» атанды.
Байқауды «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырды.

