CaspianLife, 21 қаңтар. Бұл жағдай 15 қаңтардан бастап Иреклі су қоймасынан судың жіберілу көлемі секундына 60 текше метрден 90 текше метрге дейін ұлғайтылуымен байланысты. Бірнеше күннен кейін су Орынбор облысындағы Орск қаласына да жеткен. Бұған дейін тұрғындарға мұндай жағдайда мұзға шығудың қауіпті екені ескертілген.
«Урал56.Ру | Оренбург, Орск» Telegram-арнасының мәліметінше, қазіргі таңда өзеннің жайпақ жағалаулары бойында және жағалау маңындағы өсімдіктер арасында мұздың бетіне су шыққан орындар анық көрінеді. Кей жерлерде өзеннің ортасында да ойықтар пайда болған.
«Өзен деңгейі көтерілгеннен кейін жағалауға жақын ағаштары бар ойпаң жерлерге де су жайылған. Сонымен қатар, ойықтардың бойында да, өзеннің ортасында да мұздың бетінде терең жарықтар байқалады. Алайда бұл қауіптердің бәрі бірдей адамдарды үркіте бермейді. Өзен үстінде балықшылардың шатырларын көруге болады», — деп хабарлайды «Урал56.Ру | Оренбург, Орск».









