Caspianlife, 21 қаңтар. Ертең, 22 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давосқа жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

