Caspianlife, 9 қаңтар. Қайта жаңғыртудан кейін стадион 8 мыңнан астам көрерменді қабылдай алады. Қазіргі таңда стадионның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, жоба аясында қолданыстағы үш трибуна толықтай бұзылып, олардың орнына заманауи жаңа мінберлер салынады. Жаңартылған стадионда күрес, бокс, таэквондо және теннис залдары, сондай-ақ медициналық және массаж кабинеттері, VIP-аймақтар, конференц-зал, телестудия, оператор бөлмесі және жанкүйерлерге арналған барлық қажетті жағдайлар қарастырылады.
Сонымен қатар, стадионда жылыту және автоматты суару жүйесі бар футбол алаңы салу жоспарланған. Алаң биіктігі 53 метр болатын төрт жарық мұнарасымен жарықтандырылады. Бұдан бөлек, стадионның іргелес аумағы толықтай абаттандырылады.

