СaspianLife, 5 желтоқсан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетімен берген сұхбатында төрт жыл бұрын, 2022 жылғы қаңтарда болған трагиялық оқиғалар – Қаңтар дерегіне қатысты пікірін білдірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, сол бір сын сағатта еліміздің қауіпсіздігіне жауапты кейбір тұлғалар Отан алдындағы антына адал болмаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің кейбір басшылары шешуші сәтте жұмыс орындарын тастап кеткен. Олар қару-жарақ пен құпия құжаттарды қараусыз қалдырып, дүрбелең туғызған.
Қылмыскерлер сол күндері 3 000-нан астам қаруды иемденіп кеткен. Қазіргі уақытта жасырылған қоймаларды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Тәртіпсіздіктер бір мезетте 12 қалада белең алған. Президент мұны «төңкеріс жасауға машықтанған мамандардың» алдын ала жоспарлаған әрекеті деп атады.
«Кейбір басшылар сын сағатта Отан алдындағы адалдығын сақтап қала алмады, кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетті,» – деді Президент.
Президент мемлекетіміздің құрдымға кетуден аман қалғанын және бұл оқиғаны саяси мақсатта бұрмалауға жол берілмейтінін қадап айтты.

