CaspianLife, 29 желтоқсан. Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке (БКДҚ) өрт туралы хабарлама бүгін түнде шамамен сағат 04:00-де түскен. «Дина» базарында киім мен аяқкиім сататын бутиктер өртенген.
112KZ Telegram-арнасының хабарлауынша, төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде контейнер үлгісіндегі бутиктердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Оттың көршілес бутиктерге таралу қаупі болған. Алайда өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның әрі қарай таралуына жол берілмей, өрт 500 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндірілді.
Өрт орнында жедел штаб құрылып, төрт жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Сағат 04:15-те алғашқы өрт сөндіру есептоптары сөндіру жұмыстарына кірісті. Шамамен бір сағаттан кейін, сағат 05:00-де өрт оқшауланды, ал 06:15-те толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге жалпы саны 12 техника бірлігі мен жеке құрамның 76 қызметкері жұмылдырылған.

