CaspianLife, 26 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті бүгін «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 (борт нөмірі 4K-AZ65) азаматтық әуе кемесінің апатқа ұшырауын тергеу барысы жөніндегі аралық хабарламаны жариялады. Аталған әуе апаты тура бір жыл бұрын – 2024 жылғы 25 желтоқсанда болған.
CaspianLife редакциясы ресми хабарламаның толық мәтінін ешбір түсініктемесіз және қысқартусыз ұсынады:
«AZERBAIJAN AIRLINES» ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ EMBRAER 190 4K-AZ65 ӘУЕ КЕМЕСІМЕН БОЛҒАН
АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚИҒАНЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АРАЛЫҚ ХАБАРЛАМА
Шығарылған күні: 2025 жылдың 25 желтоқсаны
Негіздеме: Осы Аралық хабарлама Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы
конвенцияға (бұдан әрі – ИКАО) 13-қосымшаның 6.6 стандартына және Қазақстан
Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505
бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен
авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларының (бұдан әрі –
Қағидалар) 94-тармағына сәйкес авиациялық оқиғаның жылдығына орай шығарылды.
1. Жалпы мәліметтер
2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Баку (UBBB) – Грозный
(URMG) бағыты бойынша J2-8243 жолаушылар рейсін орындаған «Azerbaijan Airlines»
әуекомпаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.
Авиациялық оқиға салдарынан 38 адам қаза тапты (оның ішінде 3 экипаж мүшесі),
29 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.
ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 желтоқсанындағы №433 бұйрығымен тағайындалған аталған оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаның себептерін және ілеспе факторларын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына Әзірбайжан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бразилия Федеративтік Республикасының Уәкілетті өкілдері, сондай-ақ ИКАО-ның бақылаушысы қатысады.
2025 жылғы 4 ақпанда ИКАО 13-қосымшасының 7.4 стандартына және Қағидалардың 77-тармағына сәйкес Алдын ала есеп шығарылды.
2. Тергеп-тексеру барысы
Аралық хабарламаны дайындау кезінде Комиссия экипаж, әуе қозғалысы органдарының диспетчерлері туралы мәліметтерді және пайдаланушының нормативтік актілерін, ұшуды дайындау және орындау жөніндегі құжаттамаларды, метеорологиялық ақпаратты және техникалық қызмет көрсету материалдарын қоса алғанда, нақты деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырды. Борт журналының және ұшуға қатысты өзге де құжаттамалардың көшірмелері алынды.
2 парақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ
КӨЛІКТЕГІ ОҚИҒАЛАР МЕН ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Борттық өзін-өзі жазғыштарымен жұмыс жүргізілді: ұшу деректерін тіркеушіден (FDR)
ұшу параметрлері алынды, сәйкестендірілді, дешифрланды және борттық сөйлеу өздігінен
жазғышты (CVR) дешифрлау орындалды.
Комиссия әуе кемесі конструкциясы элементтерінің кеңістіктік жай-күйін белгілей отырып, авиациялық оқиға болған жерді егжей-тегжейлі қарап-тексеруді орындады. Фото және бейнетіркеу орындалды, әуе кеменің агрегаттарын авиациялық оқиға орнынан жинау және әкету жүзеге асырылды.
Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру шеңберінде төмендегі зерттеулер жүргізілді:
– анықталған бөгде металл заттарға (сыртқы объектілер) кешенді (трасологиялық, баллистикалық, жарылыс-техникалық және өрт) сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижелері бойынша жарылғыш заттардың іздері табылған жоқ. Зерттеуге ұсынылған үш оттегі баллонында жарылыс іздері жоқ. Әуе кемесінің зақымдануы болжам бойынша оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтерінен әсерінен болуы мүмкін, алайда олардың нақты тиесілігін анықтау мүмкін болмады;
– №2 гидравликалық жүйенің түтігінің бір бөлігіне трасологиялық сараптама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша түтікте зақым бар екендігі анықталды. Зақымданудың пайда болу механизмі қатты заттардың жанасуы нәтижесінде металдың жыртылуы болып табылады. Өтпелі зақымданулар темір негізіндегі металл қорытпасынан жасалған (болат негізі), металл фрагменттерінен (сыртқы объектілер) пайда болуы мүмкін;
– «Honeywell International Inc» дайындаушы зауытының базасында авиониканың модульдік блогынан алынған, орталық техникалық қызмет көрсету компьютерінің (Central Maintenance Computer) кассетасына зерттеу жүргізілді. Термиялық әсердің салдарынан аталған кассетадан деректерді алу мүмкін болмады. Деректерді алу үшін «Honeywell International Inc» зауыты «Delkin Devices Inc» жад картасын өндірушісіне жүгінуді ұсынды. Қазіргі уақытта Комиссия Америка Құрама Штаттарының Уәкілетті өкілімен «Delkin Devices
Inc» зауыты базасында зерттеу жүргізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде.
– «CMC Electronics» зауытының базасында №1 және №3 авиониканың модульдік блоктарынан алынған Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS1 және GPS2) кассеталарына зерттеу жүргізілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, талдау жүргізілуде. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия екі жұмыс тобын құрды:
– ИКАО-ның Doc 10084 сәйкес Қақтығыс аймақтарының үстінен немесе олардың маңында ұшуларды орындау кезінде тәуекелдерді бағалауды талдау жөніндегі жұмыс тобы. Комиссия Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасының авиациялық билік органдары, сондай-ақ «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясы ұсынған тәуекелдерді бағалау рәсімдерін ұйымдастыруға және орындауға қатысты құжаттамаға талдау жүргізуде.
3 парақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ
КӨЛІКТЕГІ ОҚИҒАЛАР МЕН ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Осы жұмыс шеңберінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде азаматтық және әскери
секторлардың өзара іс-қимылы мәселелері де қарастырылуда. Аталған мәселені зерделеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына қабылданған шаралардың сәйкестігін анықтауға және авиациялық оқиғаның дамуына әсер етуі мүмкін болған ықтимал ауытқуларды анықтауға бағытталған тергеп-тексерудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады;
– Конструкция элементтерінің нақты есебі жөніндегі жұмыс тобы. Гидравликалық жүйе фрагменттерінің кеңістіктік өзара байланысын қалпына келтіру мақсатында Ақтау қаласында №2 гидравликалық жүйе элементтерін нақты есебі (реконструкциялау) жүргізілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, талдау жүргізілуде.
Осылайша, бүгінгі күні тергеп-тексеру жөніндегі комиссия техникалық қызмет көрсетудің орталық компьютері (Central Maintenance Computer) кассетасын зерттеу жұмыстарының аяқталуын, сондай-ақ қақтығыс аймақтарының үстінен немесе олардың маңында ұшуларды орындау кезіндегі тәуекелдерді бағалау талдауы бойынша жұмыс тобының есебін қалыптастыруды күтуде.
Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия байыпты ұстанымды сақтайды және барлық қорытындылар объективті тек фактілерге негізделген болады. Авиациялық оқиғаны тергептексеру нәтижелері бойынша Түпкілікті есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің сайтында жарияланатын болады.

