CaspianLife, 19 желтоқсан. Кеше Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ мен Ресейдің «Транснефть» жария акционерлік қоғамының делегациялары арасында жұмыс кездесуі өтті.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, 2026 жылға арналған Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік режимде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету туралы келісімшартқа қол қойды.
Хабарламада «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ЖАҚ-ты мұнай тасымалдау саласындағы сенімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген көпжылдық серіктестік байланыстыратыны атап өтілген. Компаниялардың бірлескен жұмысы қазақстандық мұнайды Ресей Федерациясының аумағы арқылы Новороссийск және Усть-Луга теңіз порттары бағы Olsen exportтауды, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы шекарасына дейін жеткізіп, одан әрі Еуропалық Одақ елдеріне тасымалдауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ынтымақтастық Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мәселелерін де қамтиды. Бұдан бөлек, әріптестік Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуге қатысты мәселелерді де қамтиды.

