CaspianLife, 17 желтоқсан. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 2025 жылдың қаңтар–қараша айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі баяндамасында мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серік Шәпкенов есепті кезеңде өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 521,4 млрд теңгені құрағанын айтты.
Мұнай-химия саласында жалпы құны 6,8 трлн теңге болатын 11 зәкірлі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Байланыс қызметтерінің көлемі 16,8 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 99,8% болды.
Сонымен қатар өңір экономикасының өзге салаларында да тұрақты өсім тіркелді. Атап айтқанда, негізгі алты көрсеткіш бойынша өсім байқалады:
— тау-кен өндіру өнеркәсібінде — 21,1%,
— жалпы өнеркәсіпте — 19,3%,
— көлік және қоймалау саласында — 16,2%,
— ауыл, орман және балық шаруашылығында — 7,4%,
— сауда саласында — 6,7%,
— өңдеу өнеркәсібінде — 2,8%.

