CaspianLife, 15 желтоқсан. Қолайсыз ауа райы жағдайларына және Ақтөбе – Астрахань автокөлік жолының уақытша жабылуына байланысты ұлттық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау мен отырғызуды ұйымдастыру бойынша жедел шаралар қабылдады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызына жолаушылар отырғызылды:
-
Сағыз станциясынан Ақтөбе станциясына дейін — 20 жолаушы;
-
Қарауылкелді станциясынан Ақтөбе станциясына дейін — 30 жолаушы;
-
Қандыағаш станциясынан Ақтөбе станциясына дейін — 46 жолаушы.
ҚТЖ өкілдері күрделі ауа райы жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік түрлерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады және азаматтарды сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

