CaspianLife, 14 желтоқсан. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 14 желтоқсанда өңірде қар, боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде қалың қар жауып, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетіп, екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді. Ал облыстың оңтүстік аудандарында жел екпіні кей жерлерде 30 м/с-тен асуы мүмкін.
Полиция департаментінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты автожолдар уақытша жабылды:
Атырау – Орал,
Атырау – Ақтөбе,
Атырау – Доссор – Бейнеу бағыттары.
Қалған бағыттарда көлік қозғалысы полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда.
Атырау қаласында көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға арнайы реагенттер себу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға қала көшелерін, көпірлерді және ауылдық округтердің жолдарын қамтитын бес бірлік аралас жол техникасы жұмылдырылған. Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, жылдамдықты асырмауды және арақашықтықты қатаң сақтауды сұрайды.

