CaspianLife, 12 желтоқсан. Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағына жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы» №447 бұйрығы 2025 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды.
Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.
«Пайдалы жұмыртқаны импорттауға уақытша тыйым салу – отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді», — делінген хабарламада.