Caspianlife, 11 желтоқсан. Бұған дейін Дағыстан Республикасындағы Каспий теңізі жағалауынан шамамен 320 итбалықтың өлі денесі табылғаны хабарланған еді. Олардың қырылуы туралы деректер 1 желтоқсаннан бастап түсе бастаған.
Бұл туралы «Россия 24» телеарнасы экологиялық бастамаларды қолдау және дамыту қоры «Компас» директоры Татьяна Ковалеваға сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, 10 желтоқсандағы дерек бойынша Махачкала мен Дербент аралығында шамамен 800 өлі итбалық анықталған. Сонымен бірге Т.Ковалева: «… бұл соңғы цифра емес, бірақ көрсеткіштің жоғары екені қазірдің өзінде түсінікті», — деп атап өтті. Оның сөзінше, мамандар өлімнің себебін анықтау үшін итбалықтардан биоматериалдар алып, есеп жүргізіп жатыр. Ол үшін экологтар тістердің, майлы терінің және тырнақтарының үлгілерін алады. Зерттеу нәтижелері жарты жылдан кейін белгілі болады, бірақ алдын ала болжамдар бар. Мамандар оларды әзірге сақтықпен айтып отыр.
«Компас» қорының каспий итбалығын зерттеу және мониторинг жүргізу жөніндегі ғылыми бағдарламасының жетекшісі Алимұрат Гаджиев қазіргі уақытта бүкіл әлемде теңіз сүтқоректілерінің құс тұмауынан қырылу жағдайлары тіркеліп жатқанын, өкінішке қарай, бұл вирус Каспийде де айналымда жүргенін айтты.
«2022 жылдан бері біз оны бірнеше рет көшіп-қонатын құстардан анықтадық, ал қазақтандық әріптестеріміз жуырда ғана қырылу себебі инфекция болған деген тұжырымға келді. Біз де осы нұсқаға жақынбыз», — деп атап өтті А.Гаджиев.

