CaspianLife, 3 желтоқсан. Тәркіленген бекіре тұқымдас балықтардың жалпы салмағы 6,5 тонна болды. Астрахань облысында полиция қызметкерлері Ресей ФҚҚ өңірлік басқармасы өкілдерімен бірлесіп, трассада жүк көлігін тоқтатты.
Астрахань облысы бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында көлік жүгінің ішінен пияз тиелген қаптардың астына жасырылған 1 805 бекіре тұқымдас балық табылып, жалпы салмағы 6,5 тоннаны құрады. Тергеу органдарының тергеушісі РФ ҚК 258.1-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

