CaspianLife, 2 желтоқсан. Қаңтар–қазан айларында Атырау облысының өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,9%-ға артып, 721,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.
Қазақстан Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында полипропилен өндірісі іске қосылды. Сонымен қатар машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі салаларында шағын кәсіпорындар салынып жатыр.
Қазіргі уақытта өңірде арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. АЭА құру өңдеу өнеркәсібінің дамуына айтарлықтай серпін беретіні сөзсіз. Басым бағыттарға мұнай-химия, машина жасау, металлургия, құрылыс материалдары және жоғары технологиялар кіреді.

