Caspianlife, 2 желтоқсан. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі — ЖРВИ) мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 2025 жылдың 1 қазан айынан басталып, 2026 жылғы 1 мамырға дейін созылады.
Алдағы 2025-2026 жылдардағы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымында біздің облыста А/H1N1/pdm09 мен A /H3N2/ типті вирустың қосалқы түрлерінің айналымы және бұған В вирусының қосылуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын маусымдық тұмаудың 1 миллиардқа жуық жағдайы тіркеледі, оның ішінде 3-5 миллионы ауыр түрлері. Жыл сайын тұмау вирустары тудыратын респираторлық патологиялардан 290 мыңнан 650 мыңға дейін адам қайтыс болады.
Атырау облысында 2025 жылдың эпидемиялық маусымында жіті респираторлық вирустық инфекциясының-68 983 жағдайы тіркелсе,тұмаудың -27 жағдайы тіркелді.
Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда болады. Негізінен, риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирустық инфекция қоздырғыштары анықталды.
Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері ағзаға түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.
Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы геморрагиялық бөртпе.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:
— адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
— жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
— ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
— даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;
— даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
— өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
— үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;
— дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.
Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

