CaspianLife, 1 желтоқсан. Барлығы 18 санитарлық автокөлік аудандық және қалалық емханалар мен ауруханаларға таратылды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жаңа санитарлық көліктер Haval M6 базасында жасалған. Олар науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуге арналған. Автокөлік бір уақытта үш адамды отырғызып және бір науқасты жатқызып тасымалдауға мүмкіндік береді. Машиналар жарық-дыбыстық жүйемен, зембілмен, медициналық шкафпен және қажетті жабдықтармен толық жабдықталған.




