CaspianLife, 1 желтоқсан. Бұл туралы өткен аптада ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова төрағалық еткен министрлік алқасының отырысында айтылды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алқа отырысында ағымдағы жылдың тоғыз айындағы саланың негізгі көрсеткіштері қаралып, 2026 жылға арналған басым міндеттер белгіленді.
«Дәрігерлерді әлеуметтік қолдау мәселесіне келсек, 2025 жылдың он айында 1 326 дәрігерге біржолғы төлемдер берілді, олардың 417-сі – биылғы жылдың түлектері. 801 маман ауылдық жерде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлерді тарту және әлеуметтік қолдау бойынша ең белсенді өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Жетісу облысы», — делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ ауылдық жерлердегі жоғары сұраныстағы мамандықтар бойынша (100 АЕК) дәрігерлерді қолдаудағы ТОП-5 өңір көрсетілді: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Атырау облыстары.

