CaspianLife, 26 қараша. Бұл шешім Каспий теңізінің су биоресурстарын сақтау, оларды ұтымды пайдалану және ортақ қорларды басқару жөніндегі комиссияның 9-сессиясында қабылданды. Комиссия отырысы Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өтті.
Ресейдің Балық шаруашылығы федералдық агенттігінің бірлескен баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар 2024 жылы су биоресурстары квоталарын игеру нәтижелері, қолдан өсіру және балық қорларын қорғау шаралары бойынша есептерді, сондай-ақ жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында алынған деректерді таныстырды. Ғылыми зерттеулерді орындау кезінде әдістер мен тәсілдерді біріздендіру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған ортақ су биоресурстарының аулау көлемдері келісілді.
Негізгісі:
— бекіре тұқымдас балықтарды коммерциялық аулауға, сондай-ақ олардың уылдырығы мен етін экспорттауға тыйым 2026 жылға дейін ұзартылатын болды. Келесі жылы бекіре түрлерін аулау бұрынғыдай тек ғылыми-зерттеу және қолдан өсіру мақсатында ғана жүргізіледі;
— Каспий маңы елдері Каспий теңізінің ортақ су кеңістігі үшін бірыңғай балық аулау қағидаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл ортақ су биоресурстары қорын неғұрлым ұтымды пайдалануға және балық қорғау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.