CaspianLife, 27 қараша. Кеше Дубай қаласында (БАӘ) «КҚК-Р» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы, сондай-ақ «КҚК-Р» АҚ және «КҚК-К» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналыстары өтті.
КҚК-ның бас директоры Николай Горбань акционерлерге консорциумның өндірістік қызметінің жай-күйі туралы, оның ішінде денсаулық сақтау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты есеп ұсынды.
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) баспасөз қызметінің мәліметінше, «… жыл басынан 21 қарашаға дейін КҚК өз жүйесі арқылы экспортқа 65,5 млн тоннадан астам мұнай жөнелтті, бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 млн тоннаға артық». Сондай-ақ консорциумның 2025 жылғы 1 қарашадағы маңызды жетістіктері ретінде — жазатайым оқиғаларсыз 11,6 млн адам-сағат жұмыс және ірі жол-көлік оқиғаларынсыз автокөліктердің 28,4 млн км жалпы жүрісі аталған.
КҚК акционерлерінің өкілдері Ұзақ мерзімді инвестициялық жобалардың іске асырылуын қарады, Сенімділік жөніндегі үйлестіру комитетінің жұмысы және Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының желілік бөлігінің көтергіштік қабілетінің өзекті жағдайы туралы баяндамаларды тыңдап, талқылады. Отырыстар барысында консорциум нысандарының қауіпсіздігі мен қорғалуы, сондай-ақ КҚК-ның Ресей мен Қазақстандағы әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жобаларының жүзеге асырылуы талқыланды. Бұдан бөлек, «КҚК-К» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы қайта сайланды.

